izi paq

BPMN (Business Process Model and Notation - бизнес-үрдістің үлгісі және белгіленуі) белгісі ресмилендірілген бизнес-үрдістердің диаграммаларын жасауға мүмкіндік береді, оларды кейіннен басқа мамандар түсіне, талдай және жаңғырта алады.

Бағасы
BPMN бизнес-талдаушы үшін радиоинженер үшін электр схема немесе құрылысшы үшін сәулет сызбасы сияқты рөлді атқарады.

Бизнес-үрдістің кезеңінің (жағдайының) сипаттамасы

  • Кіру

    Орындаушыға келетіні

  • Орта

    Орындаушы іс-әрекеттерді орындайтын нормативтік құжаттардың тізімі

  • Әрекет

    Жұмыстың осы кезеңінде орындаушы орындайтын әрекеттердің сипаттамасы

  • Шығу

    Орындаушының жасаған жұмысының нәтижесі

Бизнес-үрдістерді талдау және ресімдеумен байланысты жұмыстың негізгі блоктары

Айқындау

Бизнес-үрдістер түрінде ұсынылатын немесе
ұсынылуы мүмкін ұйым қызметінің сол
бөлігін анықтау

Нәтижесі:

Бизнес-үрдістер тізілімі

Бағасы

Бизнес-үрдістерді талдау және ресімдеумен байланысты жұмыстың негізгі блоктары

Қайта құру

Бақылау және/немесе орындаушылармен сұхбат нәтижелері бойынша үрдістің барысын қалпына келтіру (оның жұмысының логикасы, операциялардың реттілігі және жауаптылар). Қайта құру өзінің таза түрінде үрдісті сипаттаудың бастапқы нұсқасы болмаған кезде, қайта құру-валидация – нақтылауды, тексеруді немесе егжей-тегжейлі сипаттауды қажет ететін қандай да бір сипаттама болған жағдайда жүреді.

Нәтижесі:

Үрдістердің қадамдық сипаттамасы, рөлдер тізілімдері және үрдістерді ресімдеу үшін қажетті және жеткілікті басқа ақпарат

Бағасы

Бизнес-үрдістерді талдау және ресімдеумен байланысты жұмыстың негізгі блоктары

Ресімдеу

Салалық сарапшыларға түсінікті формалды нысанда үрдістің баяндалуы.

Нәтижесі:

BPMN белгілеуіндегі «сол түріндегі» үрдіс диаграммалары

Бағасы

Бизнес-үрдістерді талдау және ресімдеумен байланысты жұмыстың негізгі блоктары

Метрикалық өлшемдер

Үрдістердің белгілі бір сандық сипаттамаларын өлшеу (метрика), мысалы, тайминг (үрдістің әрбір қадамының орындалу уақыты туралы ақпаратты жинау), регламенттерді бақылау (әр операцияның регламентіне сәйкестігі туралы ақпаратты жинау), кезектіліктерді талдау (үрдістегі тапсырмалардың жинақталу орындары және келесі орындаушының өңдеуді бастауын күту ұзақтығы) және т.б. Деректерді жинау объективті бақылау құралдарымен, орындаушылар жүргізетін өлшемдер және/немесе орындаушылардың сауалнамасы арқылы жүзеге асырылады. Деректерді жинауды бастамас бұрын тапсырыс беруші өлшенетін көрсеткіштердің тізімін және оларды өлшеу әдістемесін бекітуі керек.

Нәтижесі:

Өлшенген мәндері бар метриктер тізілімі

Бағасы

Бизнес1-үрдістерді талдау және ресімдеумен байланысты жұмыстың негізгі блоктары

Талдау және баға қою

Ресімделген үрдістердің сандық параметрлерін есептеу (Ср үрдістің және басқаларының күрделілік коэффициенті). Ресімделген үрдістердегі кемшіліктерді анықтау: қателер, сәйкессіздіктер және сәтсіз фрагменттер. Көрсеткіштер тізімі және оларда қолданылатын параметрлер талдауды бастамас бұрын тапсырыс берушімен келісіледі.

Нәтижесі:

Үрдістер көрсеткіштерінің тізілімі және анықталған кемшіліктер тізімі

Бағасы